Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2026 жылғы 20 мамырдағы № 10 қаулысы

 

 

Алмалы ауылдық округінің

әкімін сайлау жөніндегі                                                             

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Алмалы сайлау округі – Алмалы ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Алмалы сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға М.Қырықбаев

Хатшы Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылғы  20 мамырдағы       № 10 қаулысына 1-қосымша

 

Алмалы сайлау округі мен оның шекарасы және

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері туралы ақпарат

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Алмалы сайлау округінің шекарасы – Алмалы ауылдық округінің (Алмалы, Байжансай, Бәйдібек ата, Жарықбас ауылдары) аумағы.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен жайы – О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің ғимараты. Шаян ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 39/1 үй.

қаулы
Дата публикации
20 мая 2026