Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 17 мамырда Бәйдібек ауданындағы Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1256 азамат енгізілді, олардың 789-ы дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Күдеров Ғ.Б. – 51; Қырықбаев Б.Б. – 67; Шабдезим Г. – 599; «Барлығына қарсы» – 32.
1965 жылы туылған, Борлысай ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Бәйдібек ауданы, Ақтас ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Шабдезим Галым Борлысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы