Бәйдібек ауданындағы Борлысай ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша әкімге кандидат ретінде:
- 1965 жылы туылған, Борлысай ауылдық округінің әкімі, Ақтас ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған, «Amanat» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Шабдезим Галым;
- 1991 жылы туылған, Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Қырықбаев Бағлат Бақытжанұлы;
- 1993 жылы туылған, Бөген ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, Шалдар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Күдеров Ғабит Бағдатұлы тіркелгенін хабарлайды.
Бәйдібек аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы