Алғабас ауылдық округіне қарасты Шақпақ елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме "Real story Invest" ЖСШ-ы.Нысан 2025 жылға өтпелі.
Алғабас ауылдық округіне қарасты Шақпақ елді мекеніндегі тозығы жеткен трансформаторлар жаңартылуда.
8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Алғабас ауылдық округінде "Ана өмірдің шуағы" атты іс-шарасы өтті. Атаулы мерекелік шараға "Аманат" партиясының Бәйдібек аудандық филиалы төрағасы А.Құлымбет, мәслихат депутаты С.Сыпабеков және ауылдық округі әкімі Б.Нахыпбаев және ауылдың құрметті ақжаулық аналары қатысты. Ауыл әкімі Б.Нахыпбаев аяулы аналар құрметіне ұйымдастырылған шарада ізгі ниет құттықтау сөзін жеткізіп, аналарға ауыл әкімінің "Алғыс хат"-ын табыстады. Соңынан ауылдық клуб өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады.