Еліміздегі барлық агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Олардың тең жартысынан астамы ұсақ және майда шаруа қожалықтары. Былтыр жылына 2-3 рет астық жиған диқандардың арқасында қазына 39 млрд. теңгеге толыққан. Бұл туралы Келес ауданында өткен «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі» атты семинар-кеңесте айтылған болатын. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, ғалымдар, аудан, қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысқан. Осының нәтижесінде жоба алға қойылып, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар жүргізілуде.