
Құрметті Арыстықтар!
Қадірменді қала қонақтары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өз Отанына қызмет ету және оны қорғау – Ұлы дала халқы үшін әрқашанда қасиетті борыш.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1992 жылдың 7 мамырында тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштері құрылды.
Осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде өз әскерімізді қаруландырылып, армиямыз бен әскер түрлері жаңадан жасақталды.
Ол енді Тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Осы мақсатта Арыстықтар бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Ардагерлеріміздің дені сау болып, жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін.
Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!
Құрметпен,
Арыс қаласының әкімі Г. Құрманбекова