Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру ( Дарбаза)

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) келесі құжаттар келіп түсті (бұдан әрі – СЭБ материалдары):

«Арыс қаласының Бұлақ, Дарбаза, Жосалы ауылдарының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар;

графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі пайдалану жоспары (тірек жоспары)» схемалары, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемалары;

«Арыс қаласының Бұлақ, Дарбаза, Жосалы ауылдарының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» градостроительдік жобасы бойынша жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсеріне скринингті бастауға арналған есептер.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «КАЗ Строй-Альянс» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: «Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты, барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер мүмкін болса, қандай әсерлер және оларды не себепті елеулі деп есептейсіз?

Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған орта мен халық денсаулығына қандай әсерлер зерделенуі тиіс және не себепті?

СЭБ жөніндегі есепте құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?

Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024–2039 жылдар.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 наурыздан 16 наурызға дейін (қоса алғанда). Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 16 наурыз.

Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі,
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8,
Экологиялық саясат департаменті,
тел.: 8 (7172) 74-02-83,
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
/ balzhan.sea@yandex.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрліктің кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
. Құжаттардың Министрліктің кеңсесіне келіп түскенін +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

СЭБ материалдары Министрліктің ресми интернет-ресурсында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі), сондай-ақ «Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің ресми сайтында орналастырылған.

Дата публикации
19 марта 2026