
Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саясаты саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі - қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару болып табылады.