GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Все материалы
Абаттандыру және көгалдандыру
06 апреля 2026
Сенбілік жұмыстары жүргізілді

2026 жылдың 2 сәуір күні Арыс қаласы "Монтайтас ауылдық окург әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері "Сарағаш-Жылға-Монтайтас-Сұлтан-Рабат"КХ-11 тас жолы және "Арыс -Монтайтас"КХ-92 тас жол бойына (42-разъезд, Қабылсай, Ақтас, Шағыр, Монтайтас ауылдарына) тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ауыл шаруашылығы
06 апреля 2026
📌 ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
 
Ағымдағы жылдың сәуір - мамыр айлары аралығында Қожатоғай, Монтайтас, Ақдала, Дермене, Байырқұм ауылдық округтері аумағында аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне (личинка) қарсы жалпы алаңы 91,1 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстарын жерүсті және әуе техникаларымен жүргізу жоспарлануда.
 
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
 
​Осыған байланысты, үйірлі шегірткелерге күрес жұмыстары барысында өз аумағыңызда тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, шегіртке зиянкесі анықталған жағдайда фитосанитариялық шараларды қабылдауды және жергілікті жауапты әкімдік қызметкерлеріне немесе тиісті мамандарға (аумақтық инспекция, болжам орталығы) хабарлау қажеттігін назарыңызға жеткіземіз.
 
Аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қауіптілігі жоғары пестицидтер арқылы жүзеге асырылады. Химиялық препараттар өте қауіпті (қауіптілігі П-1).
 
Сондай-ақ, шегірткеге қарсы залалсыздандыру шараларын барысында үй жануарларын өңделген аумақта кемінде 3-5 күнге дейін жайылмауын, және де бал арасын өсірушілер бал ара омарталарын кемінде 5-6 км ара-қашықтық сақтау қажет.
 
Пестицидтерді қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам денсаулығы, қоршаған ортаға сондай-ақ жануарларға қауіпті екендігін естеріңізге саламыз.
06 апреля 2026
МОНТАЙТАСТА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ.
Арыс қаласына қарасты, Монтайтас ауылдық округінде көптен бері халықтың көкейіндегі өзекті мәселе шешімі табылды. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында округ орталығынан жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.
 
Қаладан алшақтағы ауылдастар өміріндегі айтулы сәтке қала әкімі Қайсар Маңқараев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Шайзада және ауылдың белсенді тұрғындары мен ақсақалдары қатысты.
 
Жиын барысында сөз алған қала басшысы Қайсар Зәкірұлы бұл нысанның тек ғимарат емес, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
 
Айта кетейік, Монтайтас ауылдық округі — географиялық жағынан қаладан шалғай орналасқан әрі жер көлемі үлкен аймақтардың бірі. Мұнда округке 8 елді мекен кіреді, онда 7 мыңнан астам халық тұрады.
 
Мұнда әсіресе жазғы егіншілік пен пішен жинау науқанында өрт қаупі айтарлықтай артады.
 
Шалғайлықтың салдарынан өрт сөндіру көліктері жеткенше бағалы уақыт жоғалатын еді.
 
Осы мәселені ескере отырып, жергілікті билік пен тиісті департаменттер бірлескен жұмыс жүргізіп, бүгін бекеттің лентасы қиылды.
 
Салтанатты шара соңында ауыл ақсақалдары атқарылған жұмысқа ризашылықтарын білдірді. Көптен күткен мәселенің оң шешілгеніне қуанған қариялар ақ баталарын беріп, жаңа бекеттің жұмысына сәттілік тіледі.
06 апреля 2026
Қазақстанда 167-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды.
Түркістан облысы Арыс қаласының Монтайтас ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Аталған бағдарлама Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.
 
Салтанатты рәсімге ТЖД басшысы Бағдат Шайзада, Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев және жергілікті тұрғындар қатысты. Нысан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Еріктілер тәулік бойы қызмет атқарады, олардың қызметі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖМ өрт-техникалық құрал-жабдықтармен, автоцистернамен, арнайы киім-кешекпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.
 
Құрамына жалпы саны 7 мыңнан астам тұрғыны бар Монтайтас, Атамекен, Шағыр, Ақтас, Қабылсай, 42-разъезд, Бақырша және Тоғансай атты 8 елді мекен кіретін ауылдық округтің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пункттің ашылуы оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы
06 апреля 2026
📌 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ!
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
 
Арыс қаласы бірнеше теміржол желілері тоғысқан «Тоғыз жолдың торабы» болып саналатын қала. Алайда, үй жануарларының қараусыз қалуы салдарынан темір жолдар бойына шығып қауіпті жағдайлар туындатуда. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының автомобиль жолдарына шығып кетуі де жиі кездеседі. Бұл жағдайлар жолаушылар пойыздары мен қауіпті жүктері бар пойыздардың, жануарларға соқтығысуы, жылжымалы құрамның рельстен шығуы, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы немесе пойыздарды және автокөліктерді апатқа ұшыратуы мүмкін.
 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларының» 2 тарау:
6-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір жол және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді;
8 тармағына сәйкес, адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі.
Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес қаралатындығын ескертеміз.
 
Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 559 бабы «Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
 
Осыған байланысты, өз үй жануарларыңызды:
✔️қараусыз қалдырмауды;
✔️а/ш жануарларын міндетті түрде тіркеу және таңбалауды;
✔️төрт-түлік жануардың мойнына "жарық қайтарғыш" лентаны (светоотражающие) орнатуларыңызды сұраймыз.
Абаттандыру және көгалдандыру
26 марта 2026
МОНТАЙТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАБИҒИ СУ КӨЗДЕРІ ТАЗАЛАНДЫ.
Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
 
Наурызнаманың Тазару күні аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында ауылдық округіміздегі барлық су көздері тазартылып, сулардың арналары ашылып, айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
 
Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бұл игі шараға мекеме қызметкерлері қатысып, су көздерін тазарту, су айдындарының көзін ашу, айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында қызметкерлер белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
 
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты аялау, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
 
Бүгінгі атқарылған жұмыстар – «Таза Қазақстан» бастамасының Монтайтас ауылдық округінде нақты жүзеге асуының айқын дәлелі. Тазалық пен табиғатты қорғау – бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық.
Спорт
26 марта 2026
Монтайтас ауылдық округінде Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Арыс спорт клубы ұйымдастыруымен мереке аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді:
– асық ату.
– ләңгі тебу.
– гір тасын көтеру.
– арқан тарту.
 
Ауыл тұрғындары белсенді қатысып, мерекелік алаңға жиналған халықтың көңіл-күйі ерекше болды. Ұлттық ойындар арқылы ата-бабамыздың дәстүрі дәріптеліп, нағыз думанды күнге айналды.
 
Бірлік пен татулықты насихаттаған бұл шара жоғары деңгейде өтіп, көпшілікке керемет әсер сыйлады!
 
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
 
Монтайтас ауылдық округі аумағында Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.
Спорт
Мәдениет
26 марта 2026
МОНТАЙТАСТЫҚТАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ.
Монтайтас ауылдық округ тұрғындары 22 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.
 
Наурыз мерекесіне орай Монтайтаста киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Ақсақалдар мен әжелерге ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетіліп, наурызға жиналған қауым ыстық палау мен бауырсақтан дәм татты. Қариялар батасын берсе, бәйге тігілген ойын түрлеріне ауылдықтар белсене қатысты.
 
Ұлық мерекеге орай Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев ауылға арнайы барып, тұрғындарды жыл басы, Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі ниет, ақ тілегін жеткізді. Ауылымыздың өсіп өркендеуіне үлес қосқан азаматтар алғыс хатпен марапатталды.
 
Думанды шара барысында ауыл тұрғындары арасына гір көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, қазақша күрес т.б сайыстары ұйымдастырылып, аналар мен ақ жаулықты әжелер ұлттық салт-дәстүріміздің бірі – нәрестені бесікке салу, тұсаукесер сияқты рәсімдерін көрсете отырып, жастарға байырғы салт-дәстүріміздің бүгінгі өмірмен байланысын түсіндіріп, әдет-ғұрыпты қадірлеуге шақырды.
 
Жер-ананың төсі бусанып, тіршілікке қайта жан бітетін, айнала табиғат ерекше түрге бөленіп, көк шығып, мал төлдейтін, адамдар өзара көрісіп, аман-саулық сұрасатын, арты ұлан-асыр тойға, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.
Спорт
16 февраля 2026
«Арыс спорт клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында Монтайтас ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастары мен тұрғындарын спортқа баулу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды. Жарысқа әртүрлі жас санатындағы ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өзара мықтыларды анықтады..
 
Осындай бұқаралық спорттық шаралар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға оң ықпал етеді.
Спорт
Мәдениет
16 февраля 2026
Арыс спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында Монтайтас ауылдық округінде мекемелер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Жарыс бағдарламасына асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Шараның басты мақсаты – ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, ұлттық спортты насихаттау және адалдық пен әділдік қағидаларын дәріптеу.
 
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Б. Онтаев ЖББМ.
🥈 2-орын – «Балдырған» бөбекжайы.
🥉 3-орын – А. Тілеубердин ЖББМ.
 
Жарысқа қатысқан мекемелер:
«Монтайтас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.
Б. Онтаев ЖББМ.
А. Тілеубердин ЖББМ.
Қабылсай ЖББМ.
Монтайтас ауылдық округінің ветеринария бөлімі.
«Балдырған-М» ЖШС бөбекжай-балабақшасы.
 
Барлық қатысушыларға, жеңімпаздарға және жарысты ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Ұлттық спортты ұлықтаған осындай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы