Монтайтас ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылдың қортындысы туралы есебі.

Ауыл округте ауыл шаруашылығы саласында екі бағыт бойынша жұмыстар атқарылды, атап айтқанда:

1.Егін шаруашылығы бойынша: Монтайтас ауылдық округінде  23492,3 гектар егістік жер бар, 2025 жылға бекітілген егіс егу жоспары, 6500 гектар күздік бидай, 1500 гектар жаздық бидай, 500 гектар арпа, 500 гектар мақсары, 60 гектар жоңышқа және 1,5 гектар көкөніс, жалпы егіс көлемі  9061,5 гектар.

6500 гектар күздік бидай егу жоспар болса, орындалуы 8849,95 гектар. 136%,

1500 гектар жаздық бидай егу жоспар болса, орындалуы 1561,84 гектар. 104,%,

500 гектар арпа егу жоспар болса, орындалуы 1400,0 гектар.   280,%,           

500 гектар мақсары егу жоспар болса, орындалуы 1092,3 гектар.  218,%,           

60 гектар жоңыршқа егу жоспар болса, орындалуы 100 гектар. 166%,            

1,5 гектар көкөніс егу жоспар болса, орындалуы 1,5 гектар. 100%, 3000 гектар жер парға айдалды. 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 3145,09 гектар егіске ұлғайтылды.

2025 жылы округ бойынша агроқұрылым төрағалары көктемгі дала  жұмыстарына жеңілдетілген 2194,0 тонна жанар-жағар май, күзгі дала жұмыстарына 1748,0 тонна жанар-жағар май алуға өтініш білдірген.

       Ауыл шаруашылығы  техникаларын жаңалау  жоспар 7 (бірлік), орындалуы ауылдық округте 2 заңды тұлға, 6 шаруа қожалық, жалпы 8 (бірлік), жаңа ауылшаруашылық техникалары 147,0 млн теңгеге сатып алынып, 114% орындалды.

2.Жер қатынастары саласы:

Елді мекендердің жайылымын ұлғайту мақсатында және жердін игерілу денгейін көтеру үшін Монтайтас ауылдық округіндегі мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 3321,93 га жайылым және тәлімі егістік  жерлерді мемлекет меншігіне кері қайтару бойынша Арыс қаласының жер қатынастары бөліміне ұсыныс берілді, нәтижесінде Арыс қаласы әкімінің 22.08.2025 жылғы №548 қаулысы негізінде 1319,38 га жайылым аудандық жер қорына қайтарылды.

3.Мал шаруашылығы саласы:

     2025 жылдың 1 шілдесіне берілген статистикалық есебіне сәйкес, 8 ауылдағы тұрғындардың ауласында ірі қара – 2042 бас, жылқы 905 бас, қой және ешкі 22446 басты құрады. Шаруа қожалықтарда ірі қара – 642 бас, жылқы 783 бас, қой және ешкі 12155 басты құрады.

4.Округтегі салық түсімдері бойынша:

          2025 жыл қорытындысы бойынша жергілікті кіріс көздерінен салықтың 7 түрінен - атап айтатын болсақ, жеке тұлғалардың көлік салығынан жылдық жоспар-11105,0 мың теңге болса, орындалғаны-11200,0 мың теңге. Заңды тұлғалардың көлік салығынан жылдық жоспар-87,0 мың теңге болса, орындалғаны-150,0 мың теңге. Жеке тұлғалардың жер салығынан жылдық жоспар-214,0 мың теңге болса, орындалғаны-215,0 мың теңге. Мүлік салығынан жылдық жоспар-565,0 мың теңге болса, орындалғаны-535,0 мың теңге. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін (жалға берілген жер) жер салығынан жылдық жоспар-605,0 мың теңге болса, орындалғаны-610,0 мың теңге. Жеке кәсіпкерлерден ұсталатын табыс салығынан жылдық жоспар-2289,0 мың теңге болса, орындалғаны-2290,0 мың теңге. Бірыңғай жер салығынан жылдық жоспар-655,0 мың теңге болса, орындалғаны-656,0 мың теңге.

Сонымен қатар салықтық емес түсімдерден (мүлікті жалға беруден түсетін табыс) 1655,0 мың теңге болса, орындалғаны-1655,0 мың теңге.

5.Бюджет бойынша:

Арыс қаласы «Монтайтас  ауылдық  округ  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарына 2025 жылға жылдық жоспар 93 907,0 мың теңге қаржы жоспарланып, оның ішінде 015-жергілікті бюджет қаражаты есебінен 18 770,0 мың теңге қаралған. 029-аудандық бюджет қаражаты есебінен 75 137,0 мың теңге қаралған. 12 айдың  қорытындысымен 015-жергілікті бюджет қаражаты есебінен 18 616,0 мың теңге жаратылған. 029-аудандық бюджет қаражаты есебінен 61 098 ,0 мың теңге жаратылған жалпы 79 714 ,0 мың теңге  қаржы игерілді.

124 – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты. 001 – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарамасы бойынша 75 189,0 мың теңге қаралып, жаратылғаны 12 айдың  қорытындысымен  72 171 ,3 мың теңге жаратылды.

124 – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, 008 - Елді мекендегі көшелерді жарықтандыру, Атамекен ауылындағы көше жарықшамдарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 1000 ,5 мың теңге жаратылды.

124 – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, 011 – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру кіші бағдарламасы бойынша Монтайтас ауылы шегіндегі жасыл екпелерді суғару үшін 930,0 мың теңге жаратылды.

6.Инфроқұрылым, абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалық саласы бойынша:

Жол бойынша

- Монтайтас ауылының Бастау көшесіне (ұзындығы 250м ені 5 метр) тас төсеуге 3 348,503 теңге қаржы қаралып, 2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

Монтайтас ауылының №2 көшесіне (ұзындығы 245м ені 5 метр) тас төсеуге 2 206 076 теңге қаржы қаралып,  2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

Шағыр ауылының №1 көшесіне (ұзындығы 645м ені 5 метр) тас төсеуге 5 599 320 тенге қаржы қаралып, 2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

- Монтайтас ауылының ауыз су жүйесін жаңартуға және қосымша 1 скважния қазуға облыстық бюджет есебінен 337,7 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары 2025 жылы қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілді.

- Арыс қаласы, Қабылсай, №42 разъезд ауылдарының ауыз су жүйесінің магистральды су құбырының құрылысы 2025 жылы басталды (конкурс құны - 1376,5 млн теңге,   2025-2026 жылға бөлінгені - 130,0 млн теңге. Қажетті қаржы - 1246,0 млн теңге).  2026 жылға өтпелі.

-Арыс қаласы, Қабылсай елді мекенін ауыз сумен жабдықтау жүйесін құрылысының - конкурс құны - 359,4 млн теңге, 2025-2026 жылға бөлінгені - 359,6 млн теңге.  Аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде).

- Арыс қаласы Монтайтас ауылындағы мал шомылдыратын ванна құрылысының Сметалық құны – 18,896 млн теңге, конкурстық құны 16,683 млн теңге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды. құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға берілді.

- Монтайтас ауылдық округі Атамекен ауылына ФАТ құрылысын жүргізуге 192,6 млн теңге қаржы қаралды. Жеңімпаз мердігер – «Шаңырақ» ӨК-і. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы ақпан айында аяқталып, пайдалануға берілді.

- Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан,  Монтайтас ауылдық округіне қарасты Шағыр ауылының Жайлау көшесіне (875 метр) күн сәулесінен қуат алатын 35 (бірлік) жарықшамдар, көше жарығына арналған тірекке 2,7 млн теңге қаржы қаралды. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жеңімпаз жеке кәсіпкер «Ақатай-Ата». Жоба құны 446 000 теңге. 2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

- Монтайтас ауылының Б.Онтаев және К.Келдібек көшесінің бойындағы кіші футбол алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4,6 млн теңге қаражат қаралды. 2025 жылы  қазан айында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

-2025 жылы 20 жылдық мектеп бітірген түлектердің есебінен Монтайтас ауылында Д.Исабеков көшесі бойында балалар ойын алаңшасын салуға жер учаскесі бөлініп берілді. Аталған жер учаскесінде балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

-2025 жылы Атамекен ауылының 20 жылдық түлектерінің есебінен Жорабек көшесінің бойына 3 бірлік  беседка орнатылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

-Монтайтас ауылдық округіне қарасты ауылдың ішкі көшелеріне 343 (бірлік) үйлердің атаулары жазылған тақтайша орнатылды.

        -Монтайтас ауылында 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 1430 шаршы метр аумақта қоршау жұмыстары жүргізіліп, 230 түп қара ағаш көшеті отырғызылды. Қабылсай және Ақтас ауылдарында 600 шаршы метр аумақ қоршалып, 150 түп тал көшеті отырғызылды. 2025 жылдың қазан-қараша айында Монтайтас ауылдық округіне «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 550 дана қара тал, 50 дана клен тал, 60 дана сабын тал, 100 дана глициния  талдары әкелініп, жалпы көктем-күз айларына 1140 дана көшет отырғызылды.                                                                                                                      

        -Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық жұмысқа 10 адам қабылданып, облыстық маңызы бар жол бойларымен ауыл көшелеріне күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілді.

 -Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан аумақтардың санитариялық тазарту жұмыстарына 1,5 млн теңге қаржы қойылып, «Арыс Жылу» КМК-мен келісім шартқа отырып жұмыстар 2025 жылы толық жүргізілді.

- Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-і тарапынан Монтайтас ауылының кіре беріс, шыға беріс орталық көшелеріне және адам көп шоғырланатын аумақтарға 6 бейне бақылау камерасы орнатуға 600 000 теңге қаржы қаралды. Жеңімпаз Жеке кәсіпкер «Neon-A». 2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

- Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-не «Скуд» жүйелерін орнату және «Е-қызмет» ақпараттық жүйелерімен интеграциялық жұмыстарды орнатуға 2,0 млн теңге қаржы қаралды. Жеңімпаз жеке кәсіпкер"Aiamir". 2025 жылдың желтоқсан айында жұмыстар толық аяқталды.

-Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-нен шегіртке зиянкестерінің алдын алу бойынша «Мотоцикл» көлігін алуға 489 999 теңге қаржы қаралды. Жеңімпаз жеке кәсіпкер"ИП Ақатай-Ата". 2025 жылдың сәуір айында «Мотоцикл» көлігі жеткізілді.

-Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-нен Монтайтас ауылының ішкі көшелерінің бойын көгалдандыру мақсатында қоршау орнату жұмыстарына 321 000 теңге қаржы қаралды. Жеңімпаз жеке кәсіпкер"ИП Ақатай-Ата". 2025 жылдың қараша айында жұмыстар толық аяқталды.

7.Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала  бойынша:

        -Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту мақсатында, ақылы қоғамдық жұмысқа-20 адам тартылды.

        -Сонымен қатар Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы 2-бағытта жүргізілді, жалпы 10 отбасы жобаға қатысты, оның ішінен 8 отбасы шартты бағытында,  2 отбасыға шартсыз ақшалай көмек берілді.

       -2025 жылы округ бойынша  тыл ардагерлері, батыр аналар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар шипажайлар мен емдеу және сауықтыру орталықтарына жалпы-28 адамға жолдама беріліп демалыс орындарына  жіберілді.

        -2025 жылы округ бойынша  көп балалы аналарды  алқамен наградтау мақсатында 15 ана күміс, 5 ана алтын алқамен марапаттауға ұсынылыды.

8.Мерзімді әскери қызметке шақырылушылар бойынша:

Монтайтас ауылдық округі бойынша көктем, мезгіліндегі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша жоспар 12 адам болса, медициналық сараптамадан 35 азамат  өткен, 8 азамат әскер қатарына жіберілді және күз  мезгіліндегі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша жоспар 19 адам болса, медициналық сараптамадан 38 азамат  өтіп, 8 азамат әскер қатарына жіберілді.

9.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

-Арыс қаласы «Монтайтас  ауылдық  округ  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді 2025 жыл қорытындысы бойынша жалпы 41 өтініш түскен, оның ішінде 22 өтініш Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және 19 өтініш "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" туралы. Барлық өтініш толық қанағаттандырылды.

 

 

Монтайтас ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылдың қортындысы туралы есебі.
Дата публикации
12 февраля 2026