Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарынызға округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.
2023 жылғы Монтайтас округінің әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Халық саны 7017 адамды құрап (2022 жылы 6997 адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 адамға халық саны артқан.
Шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы округте жоқ.
Экономикалық белсенді халық саны 2023 жылы 3365,0 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны 2350,0 мың адам құраған, жалдамалы қызметкерлер саны 2023 жылы 797 адамды құраған.
Жұмыссыздық деңгейі 2022 жылға 2,3 пайыз болса, 2023 жылға 2,0 пайызды құраған.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2023 жылы 68 000 мың теңгені құраған, орташа айлық жалақы 152 000 мың теңгені құрап, өсу қарқыны 5,0% құраған.
Тағайындалған атаулы әлеуметтік жәрдемақыны алушылар саны 20 отбасыны құраған.
Тағайындалған атаулы әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері 2023 жылы бұл көрсеткіш 57500 теңгені құраған немесе 5,0%.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2023 жылы 31350 теңгені құраған, немесе 5,0%.
2023 жылы тіркелген қылмыстар саны-3.
2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:
айлық есептік көрсеткіштер – 3 692 теңге;
жалақының ең төмен мөлшері – 85 00 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 57 853 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге;
2024-2026 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ
бюджетінің негізгі параметрлері
2024-2026 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ бюджетінің жобасы 2024-2026 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.
«2024-2026 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының №12/74-VIІІ шешімі 2023 жылдың 27 желтоқсанында қабылданды. Монтайтас ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы «2024-2026 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» №02 шешімімен атқарылуға қабылданды.
Түсімдер
Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 13634,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 13634,0 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер – 1159,0 мың теңге;
Сонымен қатар 2023 жылғы Арыс қалалық мәслихаттың 2023 жылғы
27 желтоқсандағы №12/74-VIІІ шешiмiне сәйкес 2024 жылға 62813,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.
Мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Түсімдер |
62813,0 |
15476,0 |
15979,0 |
|
Салықтық түсімдер |
13634,0 |
14317,0 |
14820,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
1159,0 |
1159,0 |
1159,0 |
|
Трансферттердің түсімдері |
48020,0 |
|
|
Шығыстар
Мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Шығыстар |
62813,0 |
15476,0 |
15979,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
60403,0 |
15476,0 |
15979,0 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
410,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бiлiм беру |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Денсаулық сақтау |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
2000,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу |
0,0 |
0,0 |
0,0 |