Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «24» мамырдағы
№329 қаулысымен бекітілген
қосымша
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
5) ауылдық округте коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
6-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
7) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
8) әділет органдары жоқ жергілікті жерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
9) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
11-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
11-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
11-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
11-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
11-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
11-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
11-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
11-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
11-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
11-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
12) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
13-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
13-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;
13-3) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
14) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
15) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
16) Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
17) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
18) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
19-1) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;
20) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
21) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
22) ауылдық округ әкімі аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізеді;
23) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
24) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
25) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
26) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
27) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
28) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
29) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
30) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
31) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
32) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
33) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
34) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
35) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;
36) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
37) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.
38) ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі мәселелер бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіруге;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратып алуға;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдардың, облыс, қала әкімдіктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға
құқылы.
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, қаланың мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну;
5) тиісті қала әкімін, құзырлы мемлекеттік органдарды жергілікті жердегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдай туралы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану және құрылыс саласындағы қолданыстағы заң нормаларының талаптарының бұзылуы туралы уақытылы хабардар ету кіреді.
1) Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
4) Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;
6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді.
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.