Ереже

              Арыс қаласы әкімдігінің 

              2022 жылғы «24» мамырдағы

              №330 қаулысымен бекітілген

              қосымша

 

Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекетік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомостволары жоқ.
  3. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,  мемлекеттің атынан                  азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі, Қожатоғай ауылы, Майлықожа көшесі №1 үй, индексі 160112.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету. 
  3. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

         1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

         2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

         3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

         4) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

         5) ауылдық округте коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

          6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

          6-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

          7) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

          8) әділет органдары жоқ жергілікті жерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

          9) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

          10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

          11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

          11-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

          11-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

          11-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

         11-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық         iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

         11-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту  iс-шараларын ұйымдастырады;

         11-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

         11-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

         11-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

         11-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

         11-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

         12) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

         13) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

         13-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

         13-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;

         13-3) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

         14) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

         15) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

         16) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

            17) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

18) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

19-1) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;

            20) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

21) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

22) ауылдық округ әкімі аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізеді;

23) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

24) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

25) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

            26) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

            27) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

            28) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

            29) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

            30) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

            31) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

            32) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

            33) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

            34) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

            35) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

            36) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

            37) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.

            38) ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

  1. Құқықтары мен міндеттері:  

Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі мәселелер бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіруге;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратып алуға;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдардың, облыс, қала әкімдіктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;

4) Қазақстан  Республикасының   қолданыстағы   заңнамасының   нормаларын  ұстануға

құқылы.

Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:

1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық,талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, қаланың мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға  тиісті ақпарат ұсыну;

5) тиісті қала әкімін, құзырлы мемлекеттік органдарды жергілікті жердегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдай туралы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану және құрылыс саласындағы қолданыстағы заң нормаларының талаптарының бұзылуы туралы уақытылы хабардар ету кіреді.

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (әкім) жүзеге асырады.
  2. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайланады және өз өкілеттігін тоқтатады.
  3. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін қала әкімдігіне  бекітуге ұсынады;

2) Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің  міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

4) Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

6) өз құзыреті шегінде  қызметтік құжаттарға қол қояды;

7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;

9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді.

Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Положение
Дата публикации
07 мая 2024