
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Іскерлік және оқиғалық туризмді дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараға ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов, «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы және «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов қатысты.
Спикерлер саланың қазіргі жобалары мен даму перспективалары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.