Қазақстанда медициналық туристер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстанда медициналық туристер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының айтуынша, Астанада  JCI халықаралық аккредитациясы бар 8 клиника жұмыс істейді. Олар шетелдік пациенттерді қабылдап, емдейді.

«Қазіргі кезде бұл бағытты жандандыру, жарнамалау үшін түрлі шетелдік платформаларға шығып, таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзбекстан, Ресей және т.б. көрші елдерден тіс емдеуге, ЭКО, түрлі операциялар жасатуға келетін пациенттер бар. Жақын арада медициналық туристер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

@ortcom_kz #CCS