Жыл сайын 20 млрд теңгеден астам инвестиция: Бурабайда негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда

Жыл сайын 20 млрд теңгеден астам инвестиция: Бурабайда негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында туристік салаға инвестициялар тарту бойынша негізгі шаралар айтылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск-Бурабай курорттық аймағында негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда:

➤ Аквапарк пен «Дольче бай Уиндэм» виллалары бар қонақ үй құрылысы (11,8 млрд теңге, Club House Burabay ЖШС),
➤ «Бурабай Парк Вилледж» коттедж қалашығы (10 млрд теңге, Burabay Park Village ЖШС),
➤ Hilton брендімен Аппарт-қонақүй (3 млрд теңге).

Әкімнің айтуынша, курорттық аймаққа жыл сайын 20 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, Президенттің туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға бағытталған тапсырмасы бойынша Ақбура курорттық аумағы шегінде ойын аймағы кеңейтілді (облыс әкімдігінің тиісті қаулысына 2025 жылғы 27 наурызда қол қойылды).

Бұл жобаны іске асыру:

➤ 10 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға,
➤ 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға,
➤ Салық түсімдерін жылына 8 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

@KZgovernment