Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы «Шығармашылық шеберхана» атты жаңа жоба ұсынады

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы «Шығармашылық шеберхана» атты жаңа жоба ұсынады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы «Шығармашылық шеберхана» атты танымдық жаңа жоба ұсынады.

Әр сейсенбі және жұма күндері (15 қыркүйектен 2 қазанға дейін) сағат 15:00-де «Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы» Youtube арнасында жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжым басшылары музыка тарихы, аспаптар, орындаушылар, жанрлардың ерекшеліктері туралы дәріс-концерттер өткізеді. Дәрістер жас өнерпаздарға да, тәжірибелі музыканттарға да, әуесқойларға да қызықты болады.

Дәріс кестесі:

15.09 – «Оркестрдегі интонациямен жұмыс» атты дәріс - Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің артисі, Тромбондар тобының концертмейстері Мұрат Бисенғалиев (тромбон) және тромбондар квартетінің орындауындағы музыкалық нөмірлер;

18.09 - «Арқа мен Жетісу дәстүрлі ән мектебі» атты дәріс-концерт - республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, филармонияның жеке орындаушылары Мақпал Қазбекқызы мен Біржан Бәзілжанов (дәстүрлі домбыра);

22.09 – «Хор өнері» атты дәріс - Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов;

25.09 - «Квартет жанрындағы орындаушылық шеберліктің ерекшеліктері» атты дәріс-концерт - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев және Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті;

29.09 – «Қазақстанның дирижерлік өнері» атты дәріс - ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мүслім Эмзе;

02.10 - «Органның құрылымы туралы» атты дәріс-концерт - ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғабит Несіпбаев.