Конькимен жүгіруден ұлттық құрама мүшесі Евгений Кошкин үшін биылғы маусым өте табысты өтті. Ол Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында күміс медаль олжалап, Әлем кубогінің екі кезеңінде 500 метрге жарыста жеңіске жетті. Сонымен қатар «Күміс шар» көрме турнирінде де топ жарды.
Бағдарлама барысында Евгений балалық шағынан басталған спорттағы жолы, оны қандай нәрсе шабыттандыратыны және спорттағы басты мақсаты туралы айтып береді.