
Назарларыңызға әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген ұлттық құрама спортшыларының жанкүйерлерге беймәлім тұстарын әңгімелейтін «Аренадан тыс өмір» атты жаңа жоба ұсынамыз. Жобаның алғашқы кейіпкері – дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев.
Бағдарламада Ғұсман спортқа қалай келгені, неге бокс емес, күрес үйірмесін таңдағаны, ата-анасының қолдауы, сондай-ақ спорттағы алғашқы қадамдары туралы әңгімелейді. Сонымен қатар Олимпиадада қола медаль жеңіп алу жолындағы қиындықтары туралы да қызықты деректерді тыңдайсыздар.