Министрлік Республикалық Олимпиадалық даярлау орталықтарының жұмысын оңтайландыруды қолға алды

Министрлік Республикалық Олимпиадалық даярлау орталықтарының жұмысын оңтайландыруды қолға алды

Бүгін Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаев Шымкент қаласындағы Атыс спорты түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының ұжымымен кездесті. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет деген болатын. Осы орайда еліміздің барлық саласы өзгерістерді қажет ететіні анық, спорт та тың серпіннен тыс қалмады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік Республикалық Олимпиадалық даярлау орталықтарының жұмысын оңтайландыруды қолға алды. Осылайша, аталған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі жұмыс істеп тұрған 9 орталық 3 орталыққа біріктіріледі. Спортшылар мен жаттықтырушылар оңтайландыруға ұшырамайды. Әкімшілік-басқару персоналы ғана орталықтандыру жүйесі бойынша қысқартылады.

Әкімшілік-басқару персоналдарын оңтайландырудан үнемделген қаражат спортшыларды даярлауға, спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбесін кеңейтуге, жабдықтарды сатып алуға, жалпы материалды-техникалық базаны жақсартуға жұмсалады.

Ел Президентінің тапсырмасы аясында Орталықтарды оңтайландыру арқылы Ұлттық құрама командалардың құрамына кәсіби спорттық резервті дайындап, болашақ олимпиада чемпиондарын шығара аламыз.