КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі басталды

КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалін өткізеді.

Аталған фестиваль аясында Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің және шақыртылған әртістер мен ұжымдардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар, сондай-ақ, көрнекті композитордың шығармаларын орындаудан музыкалық мектептер, колледждер мен шығармашылық жоғары оқу орындарының оқушылары және музыкалық ұжымдар әртістері арасында домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты: Ұлы композитордың шығармашылығын кеңінен насихаттау, патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту,жас музыканттардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беру, көркемдік талғамын тәрбиелеу, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне тарту,Республикалық балаларға және жастарға білім беретін мекемелер мен ұжымдардың өзара ара-қатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал ету; еңбек нарығында болашақ музыканттар мен орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, олардың шығармашылық белсенділігі мен рухани білім деңгейін дамыту және ұлттық музыкалық мұраға деген ынтасын арттыру.

Өткізу форматы: ОНЛАЙН

Өткізу мерзімі: 1-29 қыркүйек

Байқау номинациялары: 

  • «Домбыра»
  • «Вокал»

Ақпарат үшін: +7 702 8098007

e-mail: online_fest_otyrar@mail.ru

Байқау ережесі

Фестиваль концепциясы

Талаптар