Елдана Тәліпова - бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Елдана Тәліпова - бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын ең соңғы болып, аса ауыр салмақтағы жерлесіміз Елдана Тәліпова аяқтады.

+81 келіде бірінші мәрте жаһандық додаға қатысқан Елдана Қытай өкілі Чжан Иляньмен кездесті.

3 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Қытай спортшысына берді.