Тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар марапатталды

Тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты онлайн-жиынға қатысты.

Вице-министр жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан мемлекеттік қызметшілер мен елімізде тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан және қоғамдық қызметте еңбектері бар азаматтарға Құрмет Грамоталарын табыс етті.

Министрдің және Тіл саясаты комитеті төрағасының м.а. А.Мырзабекованың Құрмет Грамоталарына облыстық, қалалық ведомстволардың тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты қызметкерлері, әдіскерлер мен оқытушылар, қоғам қайраткерлері, белсенділер және т.б. ие болды. Жалпы 140 адам марапатталды.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап Қазақстан халықтарының тілдері күнін қазақ әдебиеттанушысы және ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекте атап өту туралы шешім қабылданған.