Лондонда «Еуразияның үздік 25 өнер туындысы – 2020» байқауының нәтижелері жарияланды

Лондонда «Еуразияның үздік 25 өнер туындысы – 2020» байқауының нәтижелері жарияланды

Лондонда (Ұлыбритания) өткен байқаудың қорытындысы бойынша 9 отандасымыз «Еуразияның үздік 25 өнер туындысы – 2020» қатарына енді.

Олар:
1. Ботагөз Утебалиева (Алматы, Қазақстан);
2. Гүлжан Қалдыбаева (Алматы, Қазақстан);
3. Елена Безрукова (Алматы, Қазақстан);
4. Лидия Дроздова (Алматы, Қазақстан);
5. Перизат Есназарова (Алматы, Қазақстан);
6. Рауан Сүлейменов (Алматы, Қазақстан);
7. Рина Ахметова (Алматы, Қазақстан);
8. Саша Долинский (Алматы, Қазақстан);
9. Юсуф Қырықбесов (Щучинск, Қазақстан).
Айта кетейік, «Еуразияның үздік 25 өнер туындысы — 2020» - суретшілерге, мүсіншілерге, фотографтарға, модельерлерге, дизайнерлерге, иллюстраторларға, графикалық дизайнерлер мен бейнелеу өнері саласындағы өзге де шығармашылық сала өкілдеріне арналған арнаулы жоба. Бұл шығармашылық адамдарына өз өнерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоба ECG CULTURE WEEK шеңберінде Ұлыбританияның астанасы– Лондонда шығарылатын және таныстырылатын 25 постерден (A2) тұратын жиынтықты жариялап (2020 жылғы 1-6 қазан), Еуропа мен Азияның 15 қаласындағы музейлер мен арт-галереяларда қатысушылардың шығармашылық туындыларының арнайы көрмесі ұйымдастырылады.
Әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты күндізгі көрмеден басқа, Гильдия 2020 жылы 1 қазанда Лондонда онлайн көрме мен қайырымдылық аукционын іске қосады.

Осынау қуанышты сәтке орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі үздіктер қатарына өткен қазақстандық суретшілерді – шығармашылық гильдияға (Лондон) қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, табыс тілейді.