Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

"Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша отандастар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты сəт – жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде білім нəрімен сусындатудың бастауы саналатын 1 қыркүйек бүкіл халықтық мерекеге айналды. Аталған мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны да ерекше.

Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп, колледж және жоғары оқу орын табалдырығын аттап, өткізген қызыққа толы күндерін еске түсіреді. Ал мұғалімдер үшін жұмыс барысында алған әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өмірінде ерекше әсер қалдырған бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.

Бірінші қыркүйек жаңа бастамалар мен ізденістердің бастауы. Дәл осы күннен бастап әр адам өміріндегі жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Осы жолда лайым көздеген мұрат–мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындала берсін. Білім шаңырағында өткізген әр сағаттарыңыз қызықты сабақтарға, таңғажайып жаңалықтарға толы болсын. Келешектеріңіз кемел болып, Егемен Еліміздің өркендеуіне үлес қосар білікті маман атануларыңызға тілектеспін.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, оқуда толайым табыс пен жетістік, шығармашылық шабыт тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.