Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

"Ата Заңын ардақ тұтқан Тәуелсіз Қазақ Елінің азаматтары!

Сіздерді халқымыз үшін қастерлі мереке - Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата заң -Тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақстандық азаматтың құқықтарының сақталуының кепілі. Конституция - осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жалпыхалықтық референдумда қабылданып, зайырлы, демократиялық жəне құқықтық Қазақстанның негізін қалаған қастерлі құжат.

Ата Заңымыз осы мерейлі 25 жыл ішінде өміршең əрі тұғыры биік қағидалармен қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Мəңгілік ел мұратының, мызғымас бірлігіміз бен келісімнің кепілі болып келеді.

Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін, саяси жүйенің тиімділігін қалыптастырды. Ел экономикасының жанданып, əлемдік қауымдастық алдында Қазақ Елінің абыройын асқақтатуға негіз болды.

Алдағы уақытта да Егемен Еліміздің айбарына айналған Конституциямыздың мерейі үстем бола берсін!

Баршаңызды қастерлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, толайым табыс, бақ-береке тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.