Қазақстандық шаңғышылар ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық шаңғышылар ширек финалға жолдама алды

IX қысқы Азиада шаңғыдан ерлер арасындағы спринттен іріктеу жарыстары өтіп жатыр.

Бұл сында ел намысын қорғаған Константин Борцов 3:04,40 уақыт көрсеткішімен 5-орын, Олжас Климин (3:08,35) 7-орын, Ильяс Исабек (3:08,46) 8-орын, Владислав Ковалев (3:12,91) 12-орыннан көрініп, ширек финалда өнер көрсететін болады.

Ширек финал бүгін, сағат 10:35-те (Астана уақыты) өтеді.

Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ