Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Бүгін, 28 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия мүшелерімен әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 39 жұмыс қаралды.

Құрамына Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының жарқын өкілдері кіретін комиссия мүшелері ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.  

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Комиссиямен конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.

Біздің анықтама:

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы болып қайта аталды. 

Екі жылда бір рет, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының мерейтойларын өткізу жылдары Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлығы беріледі.