ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 6 ақпандағы жарыс нәтижесі

ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 6 ақпандағы жарыс нәтижесі

Керлинг

Керлингтен аралас жұптық бәсекеде сынға түсіп жатқан отандық спортшылар бүгін екі кездесу өткізді. Алғашқы ойында жерлестеріміз Қырғызстан құрамасынан 12:5 есебімен басым түссе, екінші матчта Филиппинге жол берді - 11:2.

Шайбалы хоккей (әйелдер)

Қазақстан әйелдер құрамасы XI қысқы Азия ойындарындағы кезекті ойынын Тайпэй хоккейшілерімен өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.