Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконг қалаларында 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді

Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконг қалаларында 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, Алматы қаласы қытайлық туристер үшін Қазақстандағы ең танымал дестинация болды. Қытайдың Шанхай, Гонконг, Сиань және Бейжің секілді ірі қалаларында туризм күндерін өткізді. Астана қаласы Бейжің қаласындағы роуд-шоу аясында іскерлік және медициналық туризм үшін жаңа бағыт ретінде таныстырылды.

«Қазақстанды туристік бағыт ретінде тиімді ілгерілету үшін Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконг қалаларында 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

@ortcom_kz #CCS