ІХ Қысқы Азия ойындары-2025: 5 ақпандағы жарыс нәтижесі

ІХ Қысқы Азия ойындары-2025: 5 ақпандағы жарыс нәтижесі

Кёрлинг

Бүгін Керлингтен аралас жұптық бәсекеден жерлестеріміз топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларын еншіледі. Катар 4:7 Қазақстан. Бұл — қазақстандық спортшылардың турнирдегі алғашқы жеңісі.

Бұған дейін олар Оңтүстік Корея мен Қытай командаларына жол берген еді.

Шайбалы хоккей (ерлер)

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан XI қысқы Азия ойындарындағы кезекті матчта Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарсыластарын 6:1 есебімен ұтты. Қазақстан 6:1 Қытай.