Геннадий Балаев «Парасат» орденімен марапатталды

Геннадий Балаев «Парасат» орденімен марапатталды

27 тамызда Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымымен кездесті.

Министр театр əртістерін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтап, ақырындап мəдени мекемелердің бұрынғы жұмыс кестесіне қайта оралып келе жатқанын жеткізді.

«Коронавирус пандемиясымен күрес барысында қашықтықты сақтау, маска тағу секілді санитария талаптарын қатаң сақтау арқылы театрларға репетиция жұмыстарын жүргізу рұқсат бергені қуантады. Қазір халықтың өнерді сағынғаны байқалады. Алдағы уақытта театр, концерт залдары көрермендермен қайта қауышады деп сенеміз. Бастысы жақындарымызға жанашыр болып, пандемияны аман-есен еңсерейік!», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар министр ұжымды Мемлекет Басшысының қаулысымен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Геннадий Балаевты «Парасат» орденімен марапаттау жайлы қаулымен таныстырып, сыйлықты өнер иесіне табыс етті. Жуырда ғана театр əртісі Геннадий Балаев 80 жылдық мерейтойын атап өткен еді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстап: «Сізге барша елорда тұрғындарының жылы лебізін жеткізім келеді. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін», – министр.

Өз кезегінде Геннадий Балаев президентке зор алғысын айтты.

«Біздің актерлік ұжымның еңбегі өзге мамандық иелерінен кем түспейді. Шынайы құштарлықпен бар шығармашылық жолымызды көрерменге арнайтынымызды мақтан етемін. Біз, көрерменсіз өнер мен өмірімізді елестете алмаймыз», – деді Геннадий Балаев.