Карате орталығының іргетасы қаланды

Карате орталығының іргетасы қаланды

Ақмола облысының Щучинск қаласында «Шидай» спорт кешені құрылысының алдында уақыт капсуласын салу шарасы өтті. Ресми кездесуге Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Қазақстан Республикасы Карате Федерациялар Одағының вице-президенті Жасталап Санауов, Ақмола облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әсет Букубаев пен басқа да өңірге танымал азаматтар қатысты.

Бұл спорттық кешеннің ауданы – 900 шаршы метрді құрайды, ойын, жекпе-жек, фитнес залдары, ұлттық қылыштасу спорт түріне арналған зал, басқа да спорттық орталыққа қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген. Бұл кешен 300 оқушы үшін карате орталығына айналуы тиіс. сонымен қатар, бұл жерде басқа да спорт түрлерімен айналысуға бар мүмкіндік жасалған.