
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар киелі нысан – Бозоқ қалашығын туризм объектісі ретінде танымал ету мақсатында 26 тамызда Алтын Орданың 750 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай еліміздегі Ат клубтарының қатысуымен атқа міну мәдениетінің салттарын көрсете отырып «Сірге жияр» этнографиялық практикумын өткізеді.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу, олардың Дала өркениетіне бастайтын рухани және адамгершілік құндылықтарының бастауларын түсінбей зерделеу мүмкін емес.
Көптеген ғасырлар бойы біздің халқымызда тұлғааралық, отбасылық және топаралық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқаратын бірігей әдет-ғұрыптар мен рәсімдер дамыды.
«Бозоқ ежелгі қалашығының археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру» жобасы аясында ежелгі Бозоқ қалашығын қайта жаңарту және энеолит дәуірінен бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихи кешендерін қайта жаңғырту көзделіп отыр.
Этнографиялық музей практикумының бағдарламасы «Бозоқ» археологиялық ескерткіші бойынша шолу экскурсиясын, «Сірге жияр» рәсімін көрсете отырып, салт-дәстүр бөлімін қамтиды.
Дәстүрлі түрде қазақ халқы материалдық емес мәдени мұра мерекесі - Сірге жияр қымызы немесе Сірге мөлдіретер атап өткен. Күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша туған-туыстар шақырылып, сүр асылып, сірге жияр қымыз бөліп ішіледі, бұл жылқы шаруашылығы рәсімдерінде жаңа циклдің басталуын көрсеткен.
Сарыарқаның жылқы шаруашылығы мерекелері Ұлы даланың мәдени кодын сақтап қалды. Тарихи анықталған мәдени код – бес мың жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан материалдық емес мәдени мұраның квинтэссенциясы өз халқының тарихы мен мәдениетіне қосылуға мүмкіндік беретін үлкен рухани әлеуетке, құндылық негіздеріне ие.
Бұл мұраны сақтау-біздің ұрпағымыздың алдындағы парызымыз, міндетіміз.
Практикумға белгілі ғалымдар: профессор, т.ғ.д. Ж.О.Артықбаев,т.ғ.к. М.К.Хабдулина, сол сияқты «At-travel» ат клубының қатысушылары, жылқы шаруашылығының мамандары, Ақмола облысы (Целиноград ауданы) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы «Қараөткел» тұрғын алабынан солтүстікке қарай орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағы
Басталуы: сағат 11.00-де
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
+ 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru