Министрлік дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу бойынша бірыңғай операторды айқындау жөнінде конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Министрлік дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу бойынша бірыңғай операторды айқындау жөнінде конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысының 7-тармағына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы  9 қыркүйек.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі:                 Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 11, 15-ші кіреберіс, каб. 634.

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар пакетін ашу 2020 жылғы 11 қыркүйек сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс.

Конкурстың қорытындысы конверттер ашылған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша шығарылады.

Анықтама үшін телефон 8 (7172) 74 -12 -47, 74 -12- 34.