
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшыны рингтегі жеңісімен құттықтап, табыс тіледі.
Мемлекет басшысының құттықтауына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қосылды.
Министр спортшының кәсіби қасиеттерін атап өтіп, IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады.
Еске салайық, Фируза Шәріпова Хэппи Даудиді жеңді. Ол қазақстандық спортшыдан бірнеше рет соққыны өзіне жіберіп алып, бесінші раунд кезінде жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, біздің отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, алғашқы жартылай салмақта IBA чемпионы атағын алды.