
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Вице-министрі Сәкен Мұсайбеков өрттен алты адамды құтқарған Дәурен Рымқұловпен республикалық спорт колледжінде кездесті.
Сондай – ақ, кездесуге Дәуреннің әкесі Амангелді Рымқұлов келді. Вице-министр Дәуреннің әкесіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен батылдығы үшін алғыс хат табыс етті. Амангелді Рымқұлов олардың қанындағы батырлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқанын айтты.
"Мен балаларымды қатаң тәрбиеледім. Оларға әрқашан батылдық, ақыл мен мейірімділік-бұл нағыз ер адамның қасиеті деп айтатынмын. Әрқашан мұқтаж адамдарға көмектесіңдер, батылдық дегеніміз ерлік дейтінмін, - деді ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Рымқұлов.
14 тамызда сағат 21:33-те ТЖД 101 пультіне Алмалы ауданы Радостовец көшесіндегі 49 үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы ас үй мен пәтердің кіреберісі ашық жалынмен жанған. 4 минут ішінде жалын ауыздықталып, үшінші қабаттың терезесіне өрт оқпандары берілген, 20 минуттан кейін 15 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен жойылды.