
Алдағы жексенбі 16 тамыз-елімізде Спорт күні. Осынау мерекеге орай ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгін Qazsport телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын таяу күндері телеарна эфирінен көреміз.
Айта кетейік, Қазақстанда Спорт күні 2003 жылдың 15 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.