Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениетжəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылу салтанатына қатысты.

Сонымен қатар композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Музей құрылысы кезінде даңқты сазгердің көзін көрген азаматтардың естеліктері есепке алынған. Шəмші Қалдаяқовтың мандолинасы мен ҚР Ұлттық музейі сыйға тартқан композитордың бас киімі жəне өзге де қолданған бұйымдары мұражай төрінен орын алды.

Мекеме Түркістан облыстық кітапханасының филиалы ретінде ашылып, арнайы мамандар жұмысқа алынады.

Іс-шара барысында Мəдениет жəне спорт министрі сөз алды.

«Шәмші Қалдаяқов - қалың қазақтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, ұлттық əн өнерінде айрықша із қалдырған сері сазгер, қазақ вальсінің королі.

Дүйім жұрт мойындаған бірегей өнер иесі - Егемендігіміздің айбары саналатын əнұран музыкасының авторы. Сонымен қатар бүгінде түн ұйқысын төрт бөліп, перзенті үшін байыз таппаған анаға деген махаббатымызды, сүйген жанға деген іңкəр сезімімізді, көңіл тебіренісі мен жүрек толқынысын да Шəмші əндері арқылы жеткізіп келеміз. Сыршыл сезімге құрылған лирикалық әсем туындылар келешекте де халықпен бірге мәңгі жасай берсін»,-деді А.Райымқұлова.

Сондай-ақ министр өнер иесінің биылғы мерейтойы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралармен таныстырды.