
ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ө. Бисақаев пен «KazakhTourism»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е. Еркінбаев Баянауыл курорттық аймағында болып, аймақтың даму барысымен, сондай-ақ "Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
"Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" шеңберінде Торайғыр, Сабындыкөл және Жасыбай көлдеріндегі жағажайларды абаттандыру, сондай-ақ С.М. Торайғыров кесенесі мен Қоңыр әулие үңгіріне баратын автожолдардың орташа жөнделуін қамтитын 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Сондай-ақ, бағдарлама аясында курорттық аймақ аумағында 10 санитарлық-гигиеналық торап орнату қарастырылған, оның 9-ы орнатылды.
Сонымен қатар, курорттық аймақты үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Торайғыр кентінің қосалқы станциясынан Жасыбай көліндегі нысандарға дейін жоғары вольтты электр беру желісінің құрылысы жүргізілуде.
Биылғы курорттық аймақ аумағында демалумен және жазғы туристік маусымның аяқталуымен байланысты шектеулерге қарамастан, осы жобаларды іске асыру болашақта демалыс жағдайларын неғұрлым жоғары деңгейге шығаруға, сондай-ақ курорттық аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Біздің анықтама:
2019 жылы Баянауыл курорттық аймағына 130,7 мың турист келіп, 2018 жылға қарағанда 7%-ға артты. Туристік қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылы туристер саны 450 мың адамға жетеді.