Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады

Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады

Елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өткен сары құрлық додасында Азияның 26 елінен келген 210 спортшы сынға түсті. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар екенін айта кеткен жөн.

Бір аптаға жалғасқан Азия біріншілігінде ел намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпия ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, сондай-ақ 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы Анастасия Лаврова, аралас сында жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегері Сарвиноз Миркадирова мен Зәуреш Ақашева, сондай-ақ ұлттық құраманың өзге де спортшылары қорғады.

Ерлер арасындағы командалық жарыста ел құрамасы 7-орынға ие болды. Қазақстандық спортшылар осымен үш мәрте Азия чемпионатында үздік сегіздікке енді.