
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ шығарды.
Онда: 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Абай күні – 10 тамыз».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі",-деп жазылған.
Осының алдында "Мереке күндерінің тізімін бекіту туралы" Үкімет Қаулысына толықтырулар енгізу туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда тұрған.
Айта кетейік, биыл еліміз ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған дейінгі көптеген іс-шаралар онлайнда ұйымдастырылды.