
Еліміздегі киноөндірісінің қарашаңырағы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы қайта жаңғырады.
Zoom қосымшасында өткен жұмыс жиналысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айдархан Әділбаев, "Қазақфильм" қызметкерлері және отандық кинематографистер қатысты.
Киностудияны жаңғырту тұжырымдамасын оның президенті Ақан Сатаев таныстырды.
Бейнебайланыс кезінде Ақан Сатаев сондай-ақ студияны жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыратын жұмыс тобының мүшелерін таныстырды. Оның құрамына өз саласының үздік мамандары кірді. Олардың қатарында оператор Азамат Дулатов, дыбыс режиссер Денис Коноплев, кастинг-директор Жайна Әбдиева, бейнемонтажшы Ғалымжан Санбаев, ІТ-маман Александр Петрушин, сондай-ақ компьютерлік графика және анимация саласының маманы Адай Әбілдинов бар.