
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді дайындау, келісу және мемлекеттік тіркеу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ескертулеріне қатысты министрлік қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның негізгі спикері ретінде Заң қызметі департаментінің директоры Г.Мұсабаева сөз сөйлеп, нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісу ерекшіліктері туралы айтып берді.
Семинар соңында Заң қызметі департаментінің директоры Г.Мұсабаева Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің нормашығармашылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.