
Бүгін Performance Hub мамандары биатлоннан еліміздің ересектер және жастар құрамасының спортшыларына дәріс оқыды.
Іс-шараның мақсаты — биатлоншылардың қысқы Азия ойындарына дайындығы кезінде кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Дәріс барысында спортшыларды қалпына келтіру, күштік дайындықтың маңызын арттыру, спортшылардың жүріп-тұруын және жергілікті жерге бейімделуін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ұсақ бұлшықет топтарын белсенді етуге, дене тұрақтылығына және күшті тиімді жұмсауға назар аударылды.
Сонымен қатар жарыстан кейін спортшылардың қалпына келуі, тамақтану режимін және сұйықтық балансын сақтау сияқты мәселелер кеңінен қамтылды.