Туризм және спорт министрлігінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Туризм және спорт министрлігінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Туризм және спорт министрлігінің ұжымы Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында министрлік қызметкерлері белгіленген аймақты арам шөптен тазартып, пластик қалдықтар мен қоқыстарды жинады.

«Таза Қазақстан» акциясындағы сенбілік табиғатты қалдықтан тазарту ғана емес, қоғамды біріктіруге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға да бағытталған.