ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ұлттық құрама спортшылары 43 алтын, 32 күміс, 37 қола (жалпы 112 медаль) жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
 
Дзюдо: Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының палуандары 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) жарыс жеңімпазы атанса, Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болды.
 
Әуесқой бокс: Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
 
Академиялық ескек есу: Қытайдың Шэньян қаласында ұйымдастырылған академиялық ескек есуден U23 Азия чемпионатында жерлестеріміз 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
 
Еркін күрес: Испанияда өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан (97 кг) алтын, Камиль Куруглиев (92 кг) қола жүлдегер атанды.
 
Кәсіпқой бокс: Бек Нұрмағанбет АҚШ-та өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.