
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиадада жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда:
Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич І дәрежелі «Барыс» орденіменНауатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.
Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін ТілеуғабылұлыЖұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали «Парасат» орденінің кавалерлері атанды.
«Құрмет» орденімен Паралимпиаданың қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан МұратұлыРайфова Зарина РайфқызыФедосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды.
Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені7 адамға «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.
t.me/aqorda_resmi