ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен өткен бәсекенің жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Кешенді ойындардағы қазақ күресінен жарысқа әлемнің 41 елінен 274 спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, палуандар 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақ палуандарының еншісінде - 15 медаль (12 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль) бар.

Министр кездесуде қазақ күресінің ардагерлері – Диханбай Биткөзов пен Марат Жақиттың төл күресімізге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов пен Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 8 салмақта жеңіске жеткен палуандарды жеңісімен құттықтады.