ҰШҚЫР БӘЙГЕ: 3200 МЕТРДЕ ҮШ ЖҮЛДЕНІ ДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙРІКТЕР АЛДЫ

ҰШҚЫР БӘЙГЕ: 3200 МЕТРДЕ ҮШ ЖҮЛДЕНІ ДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙРІКТЕР АЛДЫ

Ұшқыр бәйгеден 3200 метрлік жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйрік анықталды.

3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты. Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленсе, үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді.

1-орын: Лайф’с Э Бриз, жокей – Мырзабек Қаппұшев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);

2-орын: Уэст Кост Найт, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі Қарабай КФХ,(Қазақстан);

3-орын: Аляска Тайгер, жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).